Шерзат ісіндегі судья куә Нұрбекованың жауабында қарама-қайшылық бар екенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат ісі жалғасып жатыр/фото: видеодан скриншот
Шерзат ісі жалғасып жатыр/фото: видеодан скриншот

Шерзат Полаттың ісі бойынша төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов пен мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай оқиға орнында болған әйелдің сотқа дейінгі тергеу барысында және сот отырысында берген жауабы бір-біріне сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

28 сәуірде сот отырысы барысында куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынып жатыр.

Сот барысында Нұрбекованың сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауабы түсірілген видео көрсетілді. Судья бұл видеоның куәгердің жауабында қарама-қайшылық бар болғандықтан көрсетіліп жатқанын айтты.

«Бұл куәнің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген айғақтарын жариялау себебі – мұның алдындағы айғақтармен қарама-қайшылықтар бар», – деді судья.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай да тергеу барысында және сот отырысында берген жауабы бір-біріне сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Куәнің берген жауаптары бір-біріне сәйкес келмейді, деді ол.

Шерзат Полат ісі

Қылмыстық істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Дана Сәрсенбай мен Ержан Құрақбаев.

Сотталушылар қатарында 9 адам бар. Олар:

Абзал Шынасыл;

Равиль Сакиев;

Шыңғыс Белғожаев;

Дархан Әскентай;

Нұрбол Тоқтаубаев;

Азамат Тоқтаубаев;

Нұрқияс Ілиясов;

Дидар Қалиахмет;

Думан Ысқақ. 

Бұған дейін ішінде 4 адамның бұрын сотты болғаны айтылды. Сондай-ақ олар өздеріне тағылған айыпты толық мойындамады.

Мәселен, Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде (бұзақылық), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (адам өлтіру), қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген әрекетті жасады деп айыпталғанАбзал Шынасыл тағылған айыпты мойындамайтынын айтты.

2025 жылдың 18 сәуірінде жәбірленушілерден жауап алынды. Бірінші болып Шерзат Полаттың әжесі сотта жауап берді. Одан кейін марқұмның анасы Гүлбара Бишембиевадан жауап алынды. Жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов жанжалдың неден басталғанын айтып берді

Сондай-ақ оқыңыз