Алаяқтар емхана, коммуналдық қызмет мамандары ретінде хабарласатын схемаға көшкен

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ алаяқтар ресми ұйымдардың атын жамылып, емхана, коммуналдық және жеткізу қызметтерінің мамандары ретінде әрекет ететін амалдарға көшкенін хабарлады.
Алаяқтар ресми ұйымдардың атын пайдалану арқылы азаматтардың жеке деректері мен мемлекеттік өтініштердегі аккаунттарына қол жеткізуге тырысады.
«Емхана қызметкері»
Алаяқтар аты-жөнін атай отырып, өздерін емхана қызметкері ретінде таныстырады. Олар белгілі бір күннен бастап дәрігерлердің қабылдауы мен жедел жәрдем шақыру ЖСН бойынша емес, медициналық декларация нөмірі бойынша жүргізілетінін айтады. Содан кейін олар «декларация нөмірін» жазуды сұрайды, бұл іс жүзінде DamuMed немесе eGov сияқты мемлекеттік өтінімдерді енгізуге арналған бір реттік код. СМС-хабарлама алғаннан кейін олар алты таңбалы кодты жазуды сұрайды, сол арқылы азаматтың жеке кабинетіне қол жеткізе алады.
«Электр есептегіштерін тексеруші» ретінде хабарласу
Алаяқтар «Астана энергосбыт», «Алматы су» немесе басқа да коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері ретінде хабарласып, «Есептегіштерді ауыстырудың мемлекеттік бағдарламасына» қатыстырамыз деген желеумен соңғы рет қашан ауыстырылғанын сұрап, өтініш жолдайтынын айтады. Содан кейін жәбірленушінің телефонына код жіберіп, оны жазуды сұрайды. Бұл да сол цифрлық қызметтерге қол жеткізу амалы.
Мемлекеттік органдардың тапсырыс хаты туралы хабарлама
Олар «Қазпочта» немесе курьерлік қызмет қызметкерлерінің атын жамылып, салық комитетінен, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінен, Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе басқа да мекемелерден тапсырыс хат жібереді. Олар мекенжайды нақтылайды да 1414 немесе 1412 нөмірлерінен SMS жібереді әрі кодты жазуды немесе сілтеме бойынша өтуді сұрайды. Осылайша, деректерді ұрлап, зиянды бағдарламаны орнатуға әрекеттенеді.
«Мемлекетттік техникалық қызмет» АҚ мамандары осы жағдайлардың барлығында алаяқтар сенімге ие болу үшін жеке деректерді пайдаланатынын айтады. МТҚ мәліметінше, бірде-бір мемлекеттік немесе муниципалды ұйым телефон арқылы SMS немесе мессенджерлер сілтемелерінен кодтарды сұрамайды.
Алаяқтардан сақтану үшін не істеу керек:
- СМС арқалы растау кодтарын ешкімге бермеу керек, тіпті қоңырау шалушы өзін мемлекеттік органның қызметкерімін деп таныстырса да;
- Телефон арқылы ЖСН және басқа да жеке деректерді бермеу қажет;
- SMS-тегі сілтемелерді баспаңыз, әсіресе ұйым «өкілімен» сөйлесіп жатсаңыз;
- Әңгімені үзіп, ұйымға ресми нөмір бойынша қайта қоңырау шалыңыз;
- Күдікті қоңыраулар туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Бұған дейін алаяқтар ЖИ көмешімен Димаштың бейнесін жарнамаларда қолданып жүргені анықталған.