
Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың ұлы – Максим Божко Ақмола облысында жұмытқа өңдейтін зауыт салмақ. Экс-министр 2019 жылы әлеуметтік көмек алатындарды «масыл» деп атап, «оларды мал қорада ұстау керек» деген пікір айтқан.
Экс шенеуніктің ұлы Максим Божко болса, зауыт құрылысына қажет қаржыны Қазақстанның Даму банкінен (ҚДБ) арзан несие ретінде алуға ниетті. Кәсіпкер «Индикативтік сараптама» кезеңіне құжат жинап жатыр.
Салынатын зауыт жылына 7900 тонна жұмыртқаны терең өңдейтін болады. Зауытты Бюжкоға тиесілі «Kaz Eggs» серіктестігі салады.
ҚДБ-дан жеңіл несие алғысы келген кәсіпкердің әкесі Владимир Божко 2004-2014 жылдар аралығында Төтенше жағдайлар министрлігін басқарған.
Қазақстан Даму банкінене арзан несие алғысы келетін бизнесмендердің қатары көп. Мәселен, Алматыдағы бірнеше қонақ үйге иелік ететін белгілі де кәсіпкерлер де қалата екі оель салу үшін кредитке өтініш берген.