Сауд Арабиясы мен Қатар Сирияның 15 млн доллар қарызын өтеп береді

Сауд Арабиясы мен Қатар Сирияның Дүниежүзілік банк алдындағы 15 млн доллар қарызын өтеп береді. Бұл туралы Сауд Арабиясының баспасөз агенттігі (SPA) агенттігі хабарлады.
«Сауд Арабиясы мен Катардың қаржы министрліктері Сирияның Дүниежүзілік банк алдындағы 15 миллион АҚШ долларына жуық қарызын өтейтінін хабарлады», – деп жазады басылым.
Мұндай көмек Дүниежүзілік банктің 14 жылдан кейін Сирияға қайта қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Сауд Арабиясы Корольдігі мен Катар мемлекеті халықаралық және аймақтық қаржы институттарын Сирияны қолдауға шықарған. Осылайша аймақтың талай жылғы соғыстан кейін тез қалпына келіп, экономикалық жағдайын реттеуге көмектесуге үндеген.
Еске сала кетсек 2024 жылдың қараша айында Сирияның Алеппо қаласын Башар Асадтың қарсыластары басып алды. Елді ұзақ жылдар бойы диктаторлық режимже басқарып келген Башар Асад бәрін тасиап, Ресейге қашты.
Бұдан кейін Сирияда уақытша үкімет орнады. Бұдан кейін Сирия үкіметі Башар Асадтың Ресеймен жасаған келісімшартының күшін жойды.