
Мамандық таңдауда қателеспеу – өте өзекті мәселе. Бала өзін, қарым-қабілетін түсінген кезде, бұл сұраққа нақты жауап бере алады.
Мектеп бітірейін деп отырған жас өрен өмірде немен айналысқысы келетінін айқындап алғаны жөн. Профориентолог Дарья Бублик дұрыс мамандық таңдаудың қыр-сыры жөнінде KursivМedia-ға кәсіби пікір білдірді.
Мамандық таңдауда ата-аналардың рөлі қандай?
Өз тәжірибеме сүйенсем, ата-аналардың міндеті – мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру. Бұл үшін ата-аналардың өзі психикалық тұрғыдан салауатты болуы маңызды. Жан жараларын, жеке көзқарастарын тықпаламай, объективті таңдау жасауға ықпал етуі тиіс. Баласының өз таңдауын жасау үшін ата-ананың да ішкі қуаты қажет.
Біздің мәдениетімізде ата-аналар кесімді сөз айта алады. Мамандық таңдауда пікір білдіріп қана қоймай, оқу ақысын төлейтін де солар. Сондықтан баланың таңдауына ата-ананың ықпалы зор болады.
Оқушының қызығушылығы мен қабілеті қалай анықталады?
Бәрі баланың қай пәнді ұнататынына байланысты. Мәселен, математика мен физиканы жақсы көретін оқушылар көбіне техникалық бағытты таңдайды. Математиканы ұнатса, бизнес бағытқа барады. Білім беру жүйесі бізде осылай қалыптасқан. Әрине, мамандық таңдауда бұл факторларды да ескеру қажет.
Бірақ балаға өзге де тәжірибе беру, мектептен тыс дүниелермен шұғылдануына мүмкіндік беру ләзім. Мамандық таңдау мақсатымен, оқушы бір қызық шараларға қатысқаны, университеттерді аралап көргені жөн. Сонда дұрыс шешім шығаруға септігі тиеді.
Болашақтың мамандықтары ескеріле ме?
Қазір әлем тез өзгеріп жатыр. Қазір табысты мамандықтар ертең басқаша болуы ықтимал. Сәнге айналған мамандықтарға баланың қабілеті жетпеуі де мүмкін.
Құндылығы бойынша мамандық таңдаған адам трендтер бойынша мамандық таңдаған адамнан табысты болады. Өйткені оның көп үйренуге, оқуға, өзін-өзі дамытуға, мақсатына жетуге құлшынысы бар. Сонымен қатар мамандық таңдауда әлемдегі өзгерістерге тез бейімделе алмақ.
Қай салаға қабілетті екенін анықтайтын тестер бар ма?
Қазір не көп, баланың бейімін анықтайтын тестер көп. Интернетте тегін тестерді жүктеп алып, пайдалануға болады. Бірақ үйренуді қажет ететін күрделі тестер де бар.
Мәселе, тесттің өзінде емес. Оны талдай білуде. Ол үшін баланың қабілеті мен бейімін анықтай алатындай жақсы маман болуы керек. Профориентологтар сондықтан қажет. Мамандық таңдауда кәсіби кеңеске жүгінген пайдалы.
Барлық мамандыққа қажетті қандай дағды бар?
Барлық мамандыққа қажетті бір дағды бар. Ол – ұдайы үйрену. Болып жатқан өзгерістерге дер кезінде бейімделе білген абзал. Адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысы ауадай қажет.
Әр салада адамдармен қарым-қатынас жасай білудің де маңызы артып келеді.
Қазір адамдар жасанды интеллект саласын меңгергісі келеді. Гуманитарлық, шығармашылық салада қызмет етсе де, бұл жөніндегі білімі жетістікке жетуге жәрдемдесетін болады. Маманды таңдауда түрлі дағдының маңызы ерекше.
Жоғарғы оқу орнын қалай таңдау қажет?
Өте маңызды мәселенің бірі – ЖОО таңдау. Оқу орны адамның үдесінен толық шыға алуы қажет. Сондықтан бүгінде іздеу жүйелерін парақтап, университеттің рейтингін қарау жеткіліксіз.
Қазіргі кезеңде студенттің, оқушының құндылықтары оқу орнының құндылықтарымен сәйкес келетініне қарап таңдау жасаған абзал. Оқуға түспей тұрып, университеттерді барып көруге кеңес беремін. Сонда мамандық таңдауда ата-ананың да, баланың да нақты пікірі, көзқарасы болады.
Жан-жақты болу – заман талабы
Техникалық және гуманитарлық қабілеті бірдей болса, қандай шешім жасаған жөн? Қазіргі заманда гуманитарлық саладағы адам жасанды интеллекті игере алуы әбден мүмкін. Техникалық мамандық иесі драма театрында ойнауы ықтимал. Бүгінде адамның мүмкіндігі артып, өзін жан-жақты қырынан дамыта алса, өзін бақытты сезінетін болады. Ал, мамандық таңдауда осының бәрін ескеру керек.
Қандай мамандықтар байлыққа кенелтеді?
Жалақы тұрғысынан бұрын ІТ саласы оқ бойы озық тұр деп айта алатынбыз. Қазіргі трендтер мүлде басқа.
Қандай сала болса да, керемет факультетке түсіп, нәтижесінде күшті мамандыққа ие боласың деп айтуға болмайды. Бүгінгі таңда ең маңыздысы – өзің қалаған факультетке түсу. Ол үшін алдымен қандай мәнсапқа жеткің келетінін айқындап алған жөн. Сонда мамандық таңдауда қателік жасамайсыз.
Қомақты қаражатқа университетте оқытатын мамандықтар жеткізбейді. Табысқа адамның өзі жетеді. Тәжірибе жинақтап, қиындықтардан өтудің жолдарын меңгеріп қана, қол жеткізеді.
Мұның алдында мамандық таңдауға көмектесетін профориентологтар туралы жазған едік.