Авто

Toyota Қытайда Lexus электромобильдерін шығармақшы

Фото: ашық дерек

Toyota концерні Қытайда жаңа компания ашатынын хабарлады. Зауытта Lexus электромобильдерін шығарады. Бұл туралы FT жазады.

Электрокар шығаратын зауытты Шанхай билігімен келісім аясында салмақшы. Одан бөлек нарық сұранысына сай модельдерді жобалайтын зерттеу орталығын ашады. Бұл кәсіпорындар 2027 жылы іске қосылуы керек.

Бір атап өтетін жайт, Toyota жергілікті өндіруші бірлескен кәсіпорын құруға міндетті емес. Жапон автогиганты тек қана өзіне тиесілі зауыт ашады. Қытай билігі алпауыттардың елде жұмыс істеуіне мүдделі болғандықтан осы тәжірибені енгізіп отыр. Бұл үлгі Tesla-дан басталған.

Жаңа зауытта тек электрокарлар ғана жинамайды, оларға арналған аккумуляторды да шығарады. Бірінші кезеңде компания жылына 100 мың зауыт шығаруды жоспарлап отыр. Кейбір инсайдерлер Toyota Қытай нарығы үшін тек электромобильдер ғана емес гибридті үлгілерін дайындамақшы екенін айтады. Осымен бірге компания Солтүстік Каролинада батарея шығаратын жаңа кәсіпорынды ашатынын хабарлады. Бұл Toyota-ның АҚШ-тағы он бірінші зауыты.

Былтыр Toyota-ның жаһандық пайдасы 28%-ға түсіп кетті, бірақ түсім әлі де көбейді деп болжанып отыр.

Қытайдағы тағы бір ірі халықаралық гигант – Porsche компаниясы. Бірақ соңғы жылы алпауыттың елдегі саудасы төмендеп кеткен. Отандық жеңіл және арзан өнімге үйренген қытайлықтар шетелдік премиум-санаттағы көліктерді алмай жатыр. Кейбір топ-менеджерлер компания Қытайда электромобиль сатудан толық бас тартуы мүмкін дейді.