Хакерлер біреуді тонаған: Monero монетасының құны бір тәулікте 40%-ға көтерілді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қаржы операцияларын құпия ұстайтын токен құны артты / фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Monero құпия монетасының (XMR) құны 24 сағаттың ішінде бірден 40%-ға көтеріліп, токен төрт жыл бұрынғы көрсеткішін қайталады. Хакерлер біреуді тонаса керек деген болжам бар.

Құпия криптовалюталар — арнайы технология мен криптографиялық хаттама көмегімен қаржы операцияларын құпия сақтайтын токендер. Олар мұндай операцияларға қатысушылар мен әрекетінің ізін жасыра алады.

Monero монетасы туралы мәлімет

CoinDesk мәліметінше, 28 сәуірде әлемдегі ірі криптовалюталар бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ. Алайда дүйсенбі күні таңертең құпия монета құны 228 доллардан бірден 347 долларға көтерілді. Monero соңғы мәрте осындай бағамен 2021 жылғы мамырда саудаланған.

Әдетте токен бір күнде орташа есеппен 50 млн долларға саудаласа, бүгінгі қаржы операцияларының көлемі 250 млн долларға дейін жетті.

Monero-ның шамамен 5,5 млрд доллар капиталы бар. Ол ірі 30 криптовалюта қатарына кіреді.

Токен CryptoNote хаттамасымен жұмыс істейді. Сол арқылы оның транзакцияларының ізі табу мүмкін емес.

Хакерлер бай біреуді тонаған болуы мүмкін

ZachXBT блокчейні зерттеушілерінің болжамынша, құпия монетаның күрт көтерілуіне хакерлердің ірі көлемдегі қарақшылығы себеп болуы мүмкін. Себебі 330,7 млн доллар тұратын 3520 Bitcoin құпия Monero (XMR) монетасына алмастырылған.

Сарапшылар токенді сатып алу арқылы лас ақшаның ізін жасырып, оны заңдастыру жолдарын қарастырып жатыр деп топшылайды. Күмәнді қарды операциясы 10 сағат бұрын жасалған. Содан кейін Monero құны бірден көтерілген.

Сондай-ақ оқыңыз