Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайы Астана әкімдігіне берілетін болды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Мәсімовтің үйін Астана әкімдігі әлеуметтік мақсатта пайдаланбақ / Фото: kursiv.media архиві

Астанада сотталған ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, экс-премьер-министр Кәрім Мәсімовтің үйі әлеуметтік мақсатта пайдалану үшін тәркіленді. Бұл жайында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» мәлім етті.

Астана әкімдігі ресми сұраныс жасады

Компанияның мәліметінше, Астана әкімдігінен аталған жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттіліктерін өтеу үшін беру туралы ресми  өтініш түскен.

 «Әлеуметтік маңыздылығын және қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, нысан электрондық сауда жоспарына енгізуден алынып тасталды. Алдағы уақытта нысанды пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешіледі», – делінген КУВА.KZ порталында.

Мәсімовтің үйі жайлы

Айта кетейік, Мәсімовтен тәркіленген зәулім сарай елорданың Нұра ауданындағы Қараөткел шағын ауданында орналасқан. Аталған нысан үш мәрте аукционға қойылған еді. Екі рет саудаға 1,9 млрд теңгеге шығарылған зәулім сарайдың құны 282 млн теңгеге арзандаған. КУВА соңғысында зәулім сарайды 1,6 млрд теңгеге саудалады.

Мәсімовтің үйін сатып алуға өтініш 2025 жылдың 13 мамырына дейін жалғасып, сауда-сатты сол күні өтеді. Үйдің жалпы ауданы – 2877,7 шаршы метр. Тұрғын үймен қоса, жиһаз, электронды техника, өнер туындылары мен кәдесыйлар да сатылымға қойылды.

Бұл зәулім сарай Кәрім Масімов 18 жылға сотталғаннан кейін мемлекет меншігіне өткен. Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға тырысты және қызметін асыра пайдаланды дегеп айып тағылған.

Сондай-ақ оқыңыз