Жаңалықтар

Путин Украинамен соғысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады

Ресей тарапы Украинадан да дәл осындай қаруды тоқтату туралы мәлімдеме күтеді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ресей Президенті Владимир Путин Украинадағы атысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

«РФ Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Владимир Путиннің шешімімен, гуманитарлық себептерге байланысты және Жеңістің 80 жылдығына орай 7 мамырдан 8 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап, 10 мамырдан 11 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ге дейін Ресей тарапы атысты тоқтату режимін жариялайды. Осы кезеңде барлық ұрыс әрекеттері тоқтатылады»,– деп хабарлады Кремль.

Ресей тарапы Украинадан да дәл осындай ұрысты тоқтату туралы мәлімдеме күтеді. Ал бітім бұзылған жағдайда тиісінше жауап қайтарылатынын ескертті

«Егер Украина тарапы бұл бітімді бұзатын болса, Ресей Федерациясының Қарулы Күштері тиісті және тиімді жауап қайтарады. Ресей тарапы Украина дағдарысының бастапқы себептерін жоюға, халықаралық серіктестермен конструктивті ынтымақтастыққа және ешқандай алдын ала шартсыз бейбіт келіссөздер жүргізуге дайындығын тағы да мәлімдейді», делінген хабарламада.

Осыған дейін, АҚШ президенті Дональд Трамп Ватиканда Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін, Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы соғысты тоқтатуға деген ниетіне күмән келтірген болатын.