
30 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласында сиреналар қосылады. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
«Сейсмикалық жаттығу өтетін күні сағат 11:00-де қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады: сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып, шұғыл ақпарат беру, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу жоспарланған», – делінген хабарламада.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырып, бірнеше ескерту жариялады:
- Сейсмикалық жаттығу басталғанға дейін дабыл шабаданын дайындаңыз,
- қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа жолды анықтаңыз. Естеріңізге сала кетейік, қауіпсіз орын – бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң.
- жер сілкінісінен кейін отбасыңыздың жиналу орнын алдын ала анықтаңыз;
- жер асты дүмпуі кезінде әрекет ету үшін үйіңіздегі ең қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау қажет. Мұндай орындарға мыналар жатады: күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішкі қабырғалардан пайда болған бұрыштар;
- жиһаздың жоғарғы сөрелерді ауыр заттардан босатыңыз. Тіпті құлайтын жиhазды бекітіп тастау қажет.
Еске салайық, жуырда Қазақстанның оңтүстігіндегі 30-дан аса елдімекенде 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің ошағы Тәжікстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан.