
Орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізгеннен кейін жол-көлік оқиғалары 8%-ға азайды. Ал жарақат алғандардың саны 29%-ға азайды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлім етті.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі биыл көктемінен бастап іске қосылған болатын. 17 наурыздан бастап жолдардың түзу учаскелерінде арнайы камералар жұмыс істеп, олар жүрген қашықтықты жүріп өткен уақытқа бөлу арқылы жүргізушінің орташа жылдамдығын есептей бастады.
«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі 2025 жылдың көктемінен бастап іске қосылды. 17 наурыздан бастап жолдардың түзу учаскелерінде арнайы камералар жұмыс істеп, олар жүрген қашықтықты жүріп өткен уақытқа бөлу арқылы жүргізушінің орташа жылдамдығын есептей бастады»,- деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
«ҚазАвтоЖол» орташа жылдамдықты бақылау жүйесінің арқасында жүргізушілер жылдамдықты барынша сақтауға көшкенін мәлімдеп отыр. Соның нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының тәуекелдері айтарлықтай төмендеп, жолдардағы жарақаттану деңгейі де азая түскен.
Естеріңізге сала өтейік, орташа жылдамдық келесі жол учаскелерінде бақыланады:
Астана – Щучинск (жылдамдық шектеуі 140 км/сағ);
Астана – Павлодар (жылдамдық шектеуі 140 км/сағ);
Шымкент – Қызылорда (жылдамдық шектеуі 110 км/сағ);
Шымкент – Тараз (жылдамдық шектеуі 110 км/сағ);
Павлодар – Семей – Қалбатау (жылдамдық шектеуі 100–110 км/сағ);
Орал – Ресей шекарасы (Саратов бағыты) (жылдамдық шектеуі 100 км/сағ);
Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы бағыты) (жылдамдық шектеуі 100–110 км/сағ).
Еске салайық, 4 желтоқсанынан бастап Қазақстанда көлік құралдарының орташа жылдамдығын өлшеу жүйесі іске қосылған еді. Бұл жол қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру аясында заңнамаға енгізілген түзетулер.