Отандық кітап басу ісі қосылған құн салығынан босатылмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Кітап шығару саласы қосылған құн салығынана босатылды / Фото: shutterstock.com

Отандық кітаптар мен оларды басып шығару қызметі 16% қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады. Бұл өзгеріс қазір талқыланып жатқан Салық кодексіне енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің телеграм-арнасында жазды.

Бұл шешім жұмыс тобының отырысында қаралып, қолдау тапқан. Аймағамбетовтің айтуынша, бұл жай ғана салықтық жеңілдік емес, ел болашағы үшін маңызды рухани әрі мәдени шешім.

«Кітап — жай тауар емес. Ол — білімнің, мәдениеттің, тарихтың және ұлт болашағының кілті. Сондықтан бұл — терең мәні бар қадам», — деп жазды депутат.

Депутаттың мәліметінше, әлемнің көптеген елдерінде кітаптар салықтан босатылған. Тіпті кейбір мемлекеттерде баспаларға субсидия беріліп, кітап басу ісі қаржылай қолдауға ие. Бұл — кітапты халық үшін қолжетімді етуге бағытталған саясаттың бір бөлігі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірісі, баспа ісі мен археология қосылған құн салығынан босатылатыны бұған дейін де айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз