
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Жеңіс күні мерекесіне орай жариялаған уақытша бітіміне қатысты пікір білдірді. Зеленский бұл бастаманы ашық манипуляция деп атап, атысты тоқтату мерзімін төрт күнмен шектемей, бір айға ұзартуды талап етті. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
«Бұл – кезекті манипуляция. Неліктен тек 8 мамырда ғана атысты тоқтату керек? Парад кезінде тыныштық орнату үшін бе? Бітімді төрт күнге емес, бір айға жариялау керек», — деді Зеленский. Оның айтуынша, атысты тоқтатуды кейінге қалдырмай, дереу бастау қажет.
Еске салсақ, бұған дейін Владимир Путин 8 мамырдан бастап төрт күндік уақытша бітім жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген еді.
Сонымен бірге, Кремль бейбіт келіссөздерге алдын ала шартсыз дайын екенін және қақтығыстың бастапқы себептерін жою мақсатында халықаралық серіктестермен конструктивті диалог жүргізуге ниетті екенін хабарлады.
26 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский кездескен еді. Кездесуден кейін Трамп Ресей басшысы Владимир Путиннің соғысты тоқтату ниетінің шынайылығына күмән келтіргенін білдірді.