Аутизм ауруының жиілеп кетуіне екпенің қатысы бар ма – Әлназарова жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің редакторы
Министр аутизм мен екпенің бір-бірімен байланысы жоқ екенін айтты / Фото: shutterstock

Соңғы уақытта бүлдіршіндерге аутизм диагнозы жиі қойыла бастады. Мұның себебін кейбіреулер екпемен байланыстырады. Үкімет сағатынан кейін өткен брифингте журналист аутизмге екпенің қандай қатысы барын сұрады.

«Кейбіреулер аутизммен ауыратын балалар санының артуына екпе әсер етіп жатыр деген ойда. Балалар денсаулығындағы бұл ауытқуға екпенің қатысы бар ма?», – деп сұрады журналист.

Денсаулық министрі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Бұл – миф. Себебі барлық мемлекет екпенің көмегімен балаларды инфекциядан қорғап келеді. Сондықтан мұны екпемен байланыстыруға болмайды», – деді министр.

Ал соңғы кезде аутизм диагнозының жиі қойылуына медицина саласының дамып, ерте анықтау мүмкіндігі артқанымен байланыстырды.

«Аутистикалық ауытқуы бар балалардың саны артып жатқандай көрінеді. Бірақ аутизммен ауыратын балалар саны артқан жоқ, тек ерте анықтау мүмкіндігі артты. Негізі балалардың аутистикалық ауытқушылығын ерте анықтау маңызды. Соның арқасында оларға алдын-ала ем қолданылып, мектепке баратын уақытқа дейін қоғамға бейімделуіне мүкмінддік беруіміз керек», – деді министр.

Сондай-ақ оқыңыз