Жаңалықтар

АҚШ конгресінің өкілі Дональд Трампқа қарсы импичмент жариялауды ұсынды

Конгрес демкораты Дональд Трампқа импичмент жариялайтынын мәлімдеді / Фото: REUTERS/David Dee Delgado, бильд-редактор: Милош Муратовский

АҚШ конгресінің өкілі, демократ Шри Танедар президент Дональд Трампқа қарсы импичмент жариялауды ұсынды. Бұл туралы демкорат өзінің Х әлеуметтік желісінде жазды.

«Мен жаңа ғана президент Трампқа қарсы импичмент жариялау туралы ұсыныс енгіздім. Дональд Трамп заңнан жоғары емес және конституция талаптарын ескермейтіні үшін жауапкершілікке тартылуы керек», – деп жазған ол.

Алайда көпшілік демократтың бұл бастамасы қолдау таба қоймайды деген сенімде. Себебі Өкілдер палатасы мен Сенатты қазіргі уақытта президент Дональд Трамптың жақтастары Республикалық партия бақылайды.

Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлге оппозиция өкілдері импичмент жариялап, биліктен қуылған болатын.