Алматыда 12 мамырдан бастап қарызы бар тұрғындардың жарығын өшіреді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
На юге Казахстане ввели ограничения на электроэнергию
Фото: ашық дерек

12 мамырдан бастап Алматыда электр энергиясына төлем жасамаған тұрғындардың жарығын өшіре бастайды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) ескерту жасады.

АЖК мәліметінше, жарық таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін болмайды. Электр қуаты тек қарызын төлемеген үйлерге ғана өшіріледі. Оны қайта қосу үшін қарыз толығымен өтелуі керек.

«Электрмен жабдықтау қарыз толығымен өтелгенге дейін уақытша тоқтатылады. Қарыздары бар тұрғындармен жұмыс мүлік иелері бірлестігі (ОСИ) мен тұрғын үй кооперативтері арқылы жүргізіледі. Бұл – адал тұтынушыларға қолайсыздықты азайтуға көмектеседі», – делінген АЖК хабарламасында.

Компания өкілдері айтуынша, жарықты уақытша өшіру – қарызды қайтарудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Қазіргі таңда Алматы бойынша электр энергиясына жалпы қарыз көлемі 1,2 миллиард теңгеге жеткен.

Осы жылы ақпаннан бастап елімізде су мен электр энергиясының тарифтері өсті. Тұрғындар коммуналдық төлемдердің күрт өсіп кеткеніне алаңдап отыр. Энергетика министрлігі тозған инфрақұрылымды жөндеп, мамандар жалақысын көбейту үшін осындай шара керек деп түсіндіреді.

Сондай-ақ оқыңыз