Жаңалықтар

Starlink-ке бәсеке: Amazon алғашқы 27 спутнигін ұшырды

Amazon интернет тарату саласында Starlink-ке бәсеке болады / фото: REUTERS/Steve Nesius

Amazon компаниясының алғашқы спутниктер тобы 28 сәуір күні жердің төмен орбитасына жол тартты. Миллиардер Джефф Безостың SpaceX Challenge жобасы Илон Масктың Starlink жүйесіне бәсеке болады.

Алғашқы 27 жасанды жер серігі АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйсінде орналасқан ғарыш базасынан ұшырылды. Оларды United Launch Alliance компаниясының Atlas V зымыраны орбитаға алып шықты деп жазды Bloomberg.

Зымыран спутниктерді 450 шақырым биіктікке алып барады. Әрі қарай жасанды жер серіктері борттағы қозғалтқыштың көмегімен 631 шақырымға көтеріледі.

Amazon барлығы 3236 спутник ұшыруды көздеп отыр. Солардың көмегімен Безос компаниясы тұтынушыларға, сонымен бірге компаниялар мен мемлекеттерге интернет сатады.

Әзірге осы кәсіпте Илон Масктың SpaceX компаниясы мен оның Starlink бөлімі көш бастап тұр. Amazon осы жобаға 10 млрд доллардан аса қаржы бөледі. Ол алғашқы екі спутнигін 2023 жылдың аяғында сынақтан өткізген.