Шоу-концерт, жәрмеңке, турнирлер – Алматыда бірлік мерекесі қалай тойланады

Жарияланды 29 Сәуір 2025 17:25

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Бүркіт, Марсель және айқын Төлепбергеннің қатысуымен шоу-концерт өтеді / Фото: Алматы қаласының әкімдігі

1 мамырда Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мереке өтеді. Биыл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, «Бірлігі жарасқан Алматы» деген атпен өтеді. Негізгі іс-шаралар Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат 10:30-дан 21:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін.

 Әкімдік мәліметінше,  мерекелік шаралар Абай алаңында сағат 10:30-дан 21:00-ге дейін жалғасады. Кіру тегін.

 «11:00-ден 12:15-ке дейін бас сахнада еліміздің этникалық және мәдени әртүрлілігін таныстыратын қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Көрермендер вокалды және аспаптық шығармалар, халық және заманауи билер, сондай-ақ түрлі мәдениетаралық попурриге куә болады»,– делінген хабарламада.

Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап L Duo дуэті, дарынды пианист Темірлан Бейсенбай (Ratovich), «Diamond» струнды триосы, дудукист Мейірман Абдрахманұлы, «Дервиши», «Made in KZ» топтары, сондай-ақ Башқұртстаннан келген «Ay Yola» тобы өнер көрсетеді.  Ал күндізгі концерттік бағдарламаны Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева түйіндейді. Сондай-ақ  этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары да өнер көрсетпек.

Эстарда әншілерінің шоу-концерті…

Алматылықтар кешкілік эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-концертті тамашалай алады.  Кештің басты жұлдызы – танымал әнші Айқын Төлепберген. Сонымен қатар сахнаға Бүркіт, Марсель, Думан Марат және Мархаба Сәби шығады деп жоспарланған. Басталуы – 19:00. Кіру тегін.

 Фотокөрме, спорттық турнирлер мен жәрмеңкелер

Сонымен қатар, Абай алаңында «Единство народа в фокусе» фотокөрмесі өтеді, онда келушілер Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихындағы сәулелі сәттерді көре алады.

Бұған қоса, 1 мамырда сағат 10:00-де Тұңғыш президент паркіндегі бірлік жарысы өтіп, оған 300 адам қатысады.

Мерекелік іс-шаралар Алматының барлық 8 ауданында өтеді – әлеуметтік жәрмеңкелер, спорттық турнирлер, абаттандыру акциялары мен қайырымдылық бастамалары жоспарланған.

Қала аудандарында қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

  • Әуезов ауданында 30 сәуірде сағат 11:00-де Family park-та «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты этно-концерт өтеді;
  • Алатау ауданында мерекелік концерт 30 сәуірде сағат 15:00-де Инновациялық шығармашылық орталығында өтеді, мекенжайы: Нұркент шағын ауданы, 14а;
  • Алмалы ауданында мерекелік концерт 1 мамырда сағат 12:00-де М. Ганди атындағы саябақта өтеді;
  • Бостандық ауданында 1 мамырда сағат 12:00-де «Атакент» ҚІЫО аркасы алдындағы алаңда мерекелік шара өтеді;
  • Жетісу ауданында 1 мамырда сағат 11:00-де Арбатта (Айнабұлақ шағын ауданы) тұрғындар үшін мерекелік ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Қонақтар спорттық жарыстар, интерактивті ойындар және аниматорлар мен бой көтерген қуыршақтардың қатысуымен түрлі бағдарламалар күтеді;
  • Медеу ауданында 1 мамырда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс паркінің ашық сахнасында мерекелік іс-шара өтеді;
  • Наурызбай ауданында мерекелік концерт 1 мамырда сағат 11:00-де амфитеатрда өтеді, мекенжайы: Шұғыла шағын ауданы, 347;
  • Түрксіб ауданында мерекелік концерт 1 мамырда сағат 11:00-де №6 мектеп үйі аумағында өтеді, мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 13/1.
Сондай-ақ оқыңыз