20 жылға сотталған «Дикий Арман» жазасын қандай мекемеде өтеп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Дикий Арман» жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп жатыр/коллаж kursiv.media

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынып, 2025 жылдың басында 20 жылға бас бостандығынан айырылған «Дикий Арман» ретінде белгілі Арман Жұмагелдиев жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп жатыр. Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті KursivMedia ресми сауалына берген жауабында көрсетілген.

Алайда комитет оның нақты қай мекемеде отырғанын нақтыламады. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң мен Қылмыстық-атқару кодексіне сүйеніп «сотталғандардың жеке істерінен өзге ақпарат жарияланбайды» деп жауап берген.

Ал елімізде 2024 жылғы дерек бойынша қауіпсіздігі орташа 24 мекеме бар.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде «бір топ адамды ұрып-соғып, күштеп ұстаған» деген күдікке ілінген. Бұл іске Жұмагелдиевтен бөлек, 43 адамның қатысы болған. Олардың қатарында Махатов қылмыстық тобының мүшесі саналатын кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің экс-бастығы Руслан Ысқақов бар.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырды

Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз