Жаңалықтар

Экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты тергеу аяқталды

Сәкен Мамашқа қатысты тергеу аяқталды/коллаж kursiv.media

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті KursivMedia сауалына берген жауабында хабарлады.

«Сәкен Мамашқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды және қылмыстық іс бойынша қабылданған процестік шешімнің заңдылығын тексеру үшін прокуратураға жолданды», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеуді Астананың Есіл ауданы полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізді.

Бұған дейін 2025 жылдың 18 сәуірінде қылмыстық іс айыптау актісімен бірге Астана прокуратурасына жолданған, алайда 27 наурызда қосымша тергеу жүргізу үшін полицияға қайтарылған. Бұған күдіктінің қорғаушысының өтініші себеп болған.

2024 жылдың мамырында БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұраған видео жариялады. Содан кейін Сәкен Мамаш шұғыл түрде елге қайтарылды.

2025 жылдың 4 сәуірінде Сәкен Мамаш қамауға алынды