Астанада Болат Назарбаевтың көмекшісі Елдос Қоспаевтың бауыры сотталды

Астана сотында Болат Назарбаевтың көмекшісі Елдос Қоспаевтың бауыры Айдос Қоспаев қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға сотталды.
2025 жылдың 30 сәуірінде істі қараған судья Саят Тәшімбаев үкімді оқыды.
Айбек Қоспаев кінәлі деп танылған қылмыстық кодекс баптары.
262-баптың 2-бөлігі – Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу;
249-баптың 3-бөлігі 1-тармағы – рейдерлік;
218-баптың 3-бөлігі 2 және 3-тармағы – Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату);
189-баптың 4-бөлігі 1 және 2-тармағы – Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу;
214-баптың 2-бөлігі 1-тармағы – Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет;
233-баптың 2-бөлігі – Көрiнеу жалған сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу;
194-баптың 4-бөлігі 1 және 2-тармағы – қорқытып алу.
Сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Айбек Коспаевты мүлкін тәркілеп, 12 жылға бас бостандығынан айырды.
Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты рейдерлікпен айналысты, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған Елдос Қоспаевқа қатысты үкім шығарды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.