Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі тергеп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі тергеп жатыр/фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні болған Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды KursivMedia.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды және басқа адамдарға қатысты «Восточка» көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу кезіндегі заңсыз әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», – деді Бигайдаров.

Агенттік өкілі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сүйеніп,тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Бұған дейін Сатыбалдыға қатысты бірнеше қылмыстық іс сотта қаралды. 2024 жылдың тамызында Гүлмира Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз