Шымкентте шенеунік ұрланған ақшаға әйеліне электромобиль әперген

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шенеунік әйеліне электромобиль әперген/Reuters

Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға әйеліне электромобиль сатып алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Алайда ол істің мән-жайын жарияламады.

Айтуынша, қаржы бойынша тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің туыстарына, сенімді адамдарға және жиі номиналды меншік иелері ретінде пайдаланылатын басқа тұлғаларға рәсімделген активтер тексеріледі.

«Олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды шығу тегін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен», – дейді Бигайдаров.

Мысал ретінде Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті тұлға қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдегенін айтты.

Ал Жетісу облысында тергеу нәтижесінде 2,8 млрд теңгенің мүлкі, соның ішінде ақша, 6 автокөлік және бір пәтер анықталып, тәркіленген.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері мемлекетке 1 трлн 130 млрд теңгеден астам актив қайтарылған.

Сондай-ақ оқыңыз