Түркия халықаралық іздеу жариялаған ер адам Алматы әуежайында ұсталды
Жарияланды

Түркия халықаралық іздеу жариялаған ер адам Алматы әуежайында ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігі хабарлады.
Алматы халықаралық әуежайында Қазақстанның ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша шетел азаматын ұстады. Оған 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған.
Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркиядан қашып кеткен.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша адам ағзасын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топ мүшесі Украина-Польша шекарасында ұсталды.