Freedom Broker Қазақстан және АҚШ қор биржасындағы ең танымал компанияларды атады

Жарияланды
Фото: shutterstock, бильд редактор

Freedom Broker 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы нәтижелерін жариялады. Компания үш айда 8,3 миллион бағалы қағазбен мәміле жасап, 34,5 мың жаңа брокерлік есепшот ашқан. Бұл — өткен тоқсанмен салыстырғанда 54%-ға артық. Жалпы белсенді клиенттік есепшоттар саны 268 мыңға жетті.

Қандай акциялар танымал болды?

2025 жылдың бірінші тоқсанында Freedom Broker клиенттері белсенді түрде Қазақстан мен АҚШ-тың бағалы қағаздарына инвестиция салды.

Келісім саны бойынша ең танымал акциялар:

  • Қазақстанда: Халық банкі (HSBK), Банк ЦентрКредит (CCBN), ForteBank (ASBN), Эйр Астана (AIRA) және Қазатомпром (KZAP).
  • АҚШ-та: Nvidia (NVDA), Tesla (TSLA), Marathon Digital (MARA), Palantir Technologies (PLTR) және Supermicro (SMCI).

Сауда көлемі бойынша көшбасшылар:

  • Қазақстан нарығында: Freedom Finance (FFIN), ҚазМұнайГаз (KMGZ), Халық банкі (HSBK), Қазақтелеком (KZTK) және Қазатомпром (KZAP).
  • Америкалық нарықта: Alibaba Group (BABA), ASML Holding (ASML), Nvidia (NVDA), Petrobras (PBR) және Occidental Petroleum (OXY).

Жаңа инвестициялық құралдар

Freedom Broker ұсынатын өнімдердің санын арттырып, инвесторларға жаңа биржалық қорларды (ETF) ұсынды: ITSW ETF пен ITSS ETF. Бұл қорлардың акциялары АҚШ долларымен көрсетіледі және ITS сауда платформасында сатылады. ITSW индексі жаһандық нарықтың 50 ірі компаниясын қамтыса, ITSS – шариғат талаптарына сай 30 компанияның акцияларынан құралған.

«Фридом Финанс» АҚ-ның бірінші тоқсандағы көрсеткіштері

2025 жылдың алғашқы үш айында компания активтері 189,6 млрд теңгеге дейін төмендеді. Бұл 1 қаңтармен салыстырғанда 33,6%-ға аз. Бұған сауда портфеліндегі бағалы қағаздардың көлемі 117,1 млрд теңгеге қысқаруы себеп болды. Сонымен қатар, компания РЕПО операцияларын азайтқан.

Міндеттемелер де айтарлықтай – 91,2%-ға төмендеп, 10,9 млрд теңгені құрады. Бұл – РЕПО операцияларының азаюымен байланысты.

Ал меншікті капитал 10,3%-ға өсіп, 178,7 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде жарғылық капитал 24,5 млрд теңгеге ұлғайып, 128 млрд теңгені құрады.

Алайда компания таза шығынға ұшырады: 7,8 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6 млрд теңгеге нашар. Бұған бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалануы кезінде кірістің 69,5 млрд теңгеге төмендеуі себеп. Дегенмен, бұл көрсеткіш шығындардың 57,9 млрд теңгеге қысқаруымен біршама өтелген.

Freedom Finance Global көрсеткіштері қандай

Freedom Finance Global компаниясының активтері 226,4 млн АҚШ долларын құрады, бұл сауда портфелінің 102%-ға артуымен байланысты.

Міндеттемелер 97,4 млн долларға жетіп, 9,8%-ға өсті. Бұл – акционерлерге төленген дивидендтердің көбеюіне байланысты.

Меншікті капитал 129 млн доллар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға аз. Себебі есепті кезеңде төленген дивидендтер есебінен бөлінбеген пайда төмендеген.

Таза пайда 135 млн долларды құрады – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 22%-ға аз көрсеткіш.

Freedom Finance Global – жаңа мүмкіндіктерге ие брокерлік компания, ол жеке инвесторларға қызмет көрсетуге маманданған. Компания Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген және AFSA лицензиясына ие. Оның қызметі ағылшын құқығы элементтеріне негізделген.

Freedom Finance Global клиенттері халықаралық қор нарықтары: NYSE/NASDAQ, Лондон қор биржасы, Гонконг және Франкфурт биржалары, сондай-ақ KASE және AIX алаңдарында сауда жасауға тікелей қол жеткізе алады. Сонымен қатар, компания холдингтің ең танымал қызметтерінің бірі – IPO-ға қатысу мүмкіндігін де ұсынады.

Компаниялар Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары 2019 жылдың 15 қазанынан бастап Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады. Freedom Holding Corp. қызметі АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) тарапынан реттеледі.

Сондай-ақ оқыңыз