Жаңалықтар

Алматыда демалыс күндері 400 тонна ет пен көкөніс сатылады

Алматыда демалыс күндері 400 тонна ет пен көкөніс сатылады / фото: Алматы әкімдігі

3-4 мамыр күндері Алматы қаласының төрт ауданында ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Алматы мен Алматы облысынан келген 318 фермер мен ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысады. Қала тұрғындарына 900 тоннаға дейін азық-түлік өнімдерін ұсынуды жоспарлап отыр.

Сатылатын өнімдердің ішінде:

  • 400 тонна көкөністер мен жемістер (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша, қияр, қызанақ, алма, шалғам, сарымсақ);
  • 390 тонна ет (сиыр, қой, жылқы, шошқа, тауық еті);
  • 50 тонна сүт өнімдері (сүт, айран, қаймақ, сүзбе, май, ірімшік);
  • 30 тонна өзге азық-түліктер (қант, тұз, күріш, қарақұмық, ұн, макарон);
  • 30 тонна жұмыртқа, шұжық және бал ұсынылады.

Жәрмеңке 3 және 4 мамырда, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі орындарда өтеді:

  • Алмалы ауданы – Масанчи көшесі (Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің арасында),
  • Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен),
  • Бостандық ауданы – Қазақфильм ықшамауданы (әл-Фараби даңғылынан жоғары),
  • Медеу ауданы – Меңдіқұлов бульвары мен Бектұров көшесінің қиылысы.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, апта сайын мұндай жәрмеңкелерге 45 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысады. Сөрелерде 1000-нан астам азық-түлік түрі ұсынылады.

Жәрмеңкені ұйымдастырып отырған — «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарықтық бағадан 15–20%-ға арзан сатылады.