
Қазақстандағы Атлетико Мадрид академиясы Қазақстан мен Өзбекстанда дарынды жас футболшыларды іріктеуді бастайды.
Испанияның әйгілі Атлетико Мадрид клубының академиясы еліміз бен көрші Өзбекстанда жас футболшыларды іріктеуді бастайды. Ашық іріктеулер 2012–2013 жылы туған жасөспірімдерге арналған.
Іріктеу өтетін қалалар мен күндер:
- Ақтау: 31 мамыр – 1 маусым
- Шымкент: 17–18 маусым
- Ташкент: 21–22 маусым
- Алматы: 28–29 маусым
Іріктеуге тіркелу үшін академияның ресми atleticomadrid.kz сайтына өту керек.
Atlético de Madrid Kazakhstan академиясы еліміздің түкпір-түкпірінен талантты ойыншыларды іздеп, кәсіби деңгейде дамытуды мақсат тұтады.
Әрбір қатысушы:
- Испаниядан келген және жергілікті мамандардың алдында өз шеберлігін көрсету мүмкіндігіне ие болады;
- Кәсіби баға алады;
- Академия бағдарламасына қабылдануға үміткер атанады.
Іріктеу қорытындысы бойынша үздік шыққан ойыншылар даму бағдарламаларына қатысуға шақырылады.