Жаңалықтар

Алматыда сейсмикалық дабыл қағылады

Талдықорғанда дабыл
Алматыда дабыл қағылады / Фото: kursiv.media архив

Бүгін, 30 сәуір 11-де Алматыда дабыл қағылып, жер сілкінісінің алдын-алуға бағаттылған оқу-жаттығу шаралары жүргізіледі. Бұл уақытта төтенше жағдай кезінде іске қосылатын қаладағы барлық құлақтандыру жүйелері іске қосылады.

Алматыда дабыл қосылатынын Төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше күн бұрын ескерткен болатын.

Бұл уақытта сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары қосылып, теле-радиоарналардан хабар тарату автоматты түрде тоқтайды. Сонымен бірге теле және радиоарналар бойынша шұғыл ақпарат беріліп, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жібереді.