Жаңалықтар

Тоқаев Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев
Тоқаев Люксембург премьер-мминистрімен телефон арқылы сөйлесті / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда мәліметінше, Люк Фриденмен әңгімелесу барысында президент екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын сөз еткен. Соның ішінде энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация сынды салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілген.

Тараптар Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңыздылығына тоқталып өткен.