Жаңалықтар

Пәкістан Үндістанның бірнеше сағат ішінде шабуыл жасайтынын мәлімдеді

Пәкістан Үндістанның бұл айыптауын жоққа шығарып, оқиға бойынша бейтарап тергеу жүргізуді ұсынды./shutterstock
Пәкістан Үндістанның бұл айыптауын жоққа шығарып, оқиға бойынша бейтарап тергеу жүргізуді ұсынды./shutterstock

Пәкістан Үндістанның бірнеше сағат ішінде шабуылдайтыны туралы «сенімді барлау дерегі» бар екенін мәлімдеді.

СNN ақпаратына қарағанда, бұл туралы Пәкістанның ақпарат министрі Аттаулла Тарар хабарлады.

Тартар не дейді?

Үндістан алдағы 24–36 сағат ішінде Пәкістанға қарсы әскери операция жүргізуді жоспарлап отыр деген мәлімдеме жасады ол. Бұл ақпараттың бар екеніне ол «дәлелді барлау деректері» бар деп сендірді.

АҚШ пен Қытай тарапы екі елді сабыр сақтауға шақырып жатыр. Осы тұста Пәкістан осында мәлімдеме жасалды.

Тарар бұл пікірін X (бұрынғы Twitter) желісіндегі түнгі жазбасында жариялап, нақты қандай деректерге сүйенгенін ашып айтқан жоқ.

Үндістан уәжі

Мәлімдеме Үндістанның Кашмир аймағындағы Пахалгам тау қаласында орын алған шабуылдан кейін жасалды. Онда белгісіз қарулы топ 26 туристі өлтірген болатын. Үндістан бұл шабуылға Пәкістанды айыптады.

Ал Пәкістан Үндістанның бұл айыптауын жоққа шығарып, оқиға бойынша бейтарап тергеу жүргізуді ұсынды.

CNN бұл айыптауға қатысты Үндістан Қорғаныс министрлігінен пікір алуға ұмтылған. Бірақ әзірге жауап болмады.

Кашмир түйткілі

Кашмир – әлемдегі ең қауіпті даулы аймақтардың бірі. Бұл өңір Үндістан мен Пәкістан арасындағы жер дауы нысаны болып қалып отыр. Екі ел де Кашмирге толық иелік етуді көздейді. 1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан бері Үндістан мен Пәкістан арасында Кашмирге байланысты үш мәрте соғыс болды. Екі ел де ядролық қаруға ие.

Кашмирдегі атыстан кейін Үндістан мен Пәкістан қарым-қатынасы бұзылғаны туралы хабарлаған едік.