«Қайрат Нұртас емес». Жұлдыз Әбдікәрімова ең алғаш кім гүл шоғын ұсынғанын айтты

Жарияланды 30 Сәуір 2025 13:49

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Жұлдыз Әбдікәрімова концертке барын-салып дайындалған./фото: instagram
Жұлдыз Әбдікәрімова концертке барын-салып дайындалған./фото: instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова ең алғаш кім гүл шоғын ұсынғанын айтты. Ол, көп жұрт ойлағандай, Қайрат Нұртас емес болып шықты.

«Жасым 11-де болса да, кешегідей есімде. 5-ші сынып оқушысымын. Біздің мектепте концерт өтетін болды. Мен сол шараны жүргізбекпін. Есейіп қалдым деп ойлаған шағым болса керек. Алғаш рет үлкен сахнаға шығамын деп қатты қобалжыдым», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Жұлдыз неге үрейленді?

Қайрат Нұртастың жары, актриса бала күнінде концертке барын-салып дайындалған. Бір апта үздіксіз әзірленген.  Сынып жетекшісі  концертке мектеп директорының қатысатынын, одан бөлек ата-аналардың келетінін айтқан. Жас қызды бұл ақпарат үрейін ұшырған. Өйткені, үлкен жауапкершілік жүктелгенін сезген.  

«Салтанатты кеш ойдағыдай аяқталды. Аяқ-қолым дірілдеп, демім тартылып, дәлізге шықтым. Осыны байқаса керек, анашым күлімдеп келе жатты. Қолында бір бума дала гүлі бар. Өзі жинаған, аспан көк түсті лентамен бантик етіп буып алған. Бұл – менің ең алғашқы гүл шоғым еді. Қазір әр сахнадан кейін құшақ-құшақ гүлдер алғанда, сол алғашқы гүл шоғымның иісі есіме келеді де тұрады», – деп актриса, анасына деген сағынышын жеткізіп отыр.

Ерекше сезім еді

Жұлдыздың бұл жазбасы көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары алғаш алған гүлі туралы естеліктерін бөлісе бастады. Аналарына деген ыстық сезімі жайлы жазып жатыр.

«Әр сыныпты аяқтап үздіктер грамотасын алған сайын апам аулада өсетін түрлі түсті гүлдерден жанына раушан гүлін қосып жинап алып келетін. Кейін директор аты жөніңді атап шақырып, қолыңа мақтау қағазын бергесін артынан апам шығып гүлін табыстайтын. Ол да бір ерекше сезім ғой», – деп жазды Диана Үркімбай.

Анама гүл беріп үлгермедім

Шара Иргалиева да балалық кезде анасынан гүл алғанын есіне түсірді.

«Алғаш мектепте «әнші балапан» байқауына қатысқан кезімде анамнан алдым. Бізде ауылда гүл өспейді. Тірі гүл сататын дүңгіршектер жок. Анам апам екеуі концертке жасанды гүл әкелген. Оны қырғын адам арасынан өтіп берем дегенше басы түсіп қалып, кері қондырып берген. Ал мен анама гүл беріп үлгермедім, өмірден өтіп кетті», – деп өкінішін білдірді.

Мұның алдында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық сурет үшін сынға қалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз