Қазақстан қор биржасының басшылығында өзгеріс болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: KASE

«Қазақстан қор биржасы» директорлар кеңесінің шешімімен басқарма құрамына өзгеріс енгізілді. Гришко Михаил қор басқарма төрағасының орынбасары лауазымына сайланды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды.

Ал бұған дейін ІТ жөніндегі басқарушы директор болған Қуанышбеков Елдос басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін тоқтатты.

Басқарманың жаңа мүшесі Михаил Гришко өзінің кәсіби жолын Қазақстан қор биржасында бастаған.

«Михаил Гришконың қор нарығы мен қаржы инфрақұрылымы саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұрын «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған», – деп жазылған хабарламада.

Енді 2025 жылғы 02 мамырдан бастап KASE Басқармасы бес адамнан тұрады:

  • Әділ Мұхамеджанов, Басқарма төрағасы;
  • Дана Аманжолова, Басқарма төрағасының орынбасары;
  • Ермек Мәжекенов, Басқарма төрағасының орынбасары;
  • Жайнар Саржақов, Басқарма төрағасының орынбасары;
  • Михаил Гришко, Басқарма төрағасының орынбасары.

Әділ Мұхамеджанов 31 наурызда KASE-нің жаңа басшысы ретінде тағайындалған. Оған дейін қор биржасын 9 жыл Алина Алдамберген басқарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз