«ҚазМұнайГаз» бен СNCOC «Жылыой» кен орнын игеруге кіріседі

«ҚазМұнайГаз» және CNOOC «Жылыой» кен орнын бірігіп пайдалану бойынша талаптарды бекітті. Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК өкілі Құрманғазы Есқазиев және CNOOC компаниясының Ресей мен Орталық Азиядағы жобалар жөніндегі бас менеджері Лю Бо келісімдерге қол қойды.
Құжатқа сәйкес, екі тарап Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзит аймағында орналасқан «Жылыой» жер қойнауын бірге пайдаланады.
«ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметінің мәліметінше, CNOOC Қазақстанға алғаш рет инвестиция құймақшы. Компания оны геологиялық барлау жобаларынан бастап отыр.
Екі компания «Жылыой» геологиялық барлау жобасын тең бөліп жүзеге асырады. Ал барлау кезеңін CNOOC қаржыландырады.
Қытай компаниялар қазақ жерінен мұнай іздейтіні жайлы былтыр жазған едік. Бейжіңде «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов CNOOC директорлар кеңесінің төрағасы Ван Дунцзин кездескен. Сол жерде «Жылыой» кен орнын игеру туралы сөз болды.
«ҚазМұнайГаздың» алдын ала бағалауынша, бұл кеніштегі мұнай қоры 185 млн тоннадан асып жығылуы мүмкін.