
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 30 сәуірде республиканың бірнеше өңірінде жел тұрып, жаңбыр жауады.
Астана қаласында бүгін солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейіп, 1-3 градус үсік өтеді.
Алматы қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с дейін күшейеді.
Мемлекеттік мекеме Қазақстанның шығыс және батыс өңірлерінде күнт күрт суып, үсік шалатынын ескертті.
30 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Сәрсенбі күні таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Оның екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Өңірде түнде 3 градус үсік өтеді.
Түркістан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді.