Миллиардер Өтемұратов ForteBank-тен 91 млрд теңге дивиденд алады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Миллиардер Болат Өтемұратов ForteBank-тен жылда дивиденд алады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Миллиардер Болат Өтемұратов өзіне тиесілі ForteBank-тен шамамен 91 млрд теңге дивиденд алады. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, акционерлерге қаржы ұйымының шамамен 102 млрд теңге төлеу туралы шешім 29 сәуірде қабылданды.

Болат Өтемұратов банктің жай акциялары 90,91%-на ие. Сол себепті 2024 жыл үшін төленетін дивидендтің көп бөлігі соған бұйырады. Қалған акционерлер арасында миллиардердің ұлы Әлидар Өтемұратов та бар.

Дивиденд төлеу 2025 жылғы 2 мамырда басталады.

Былтыр Өтемұратовтар банктен 2023 жыл үшін 52 млрд дивиденд алған. Сол кезде Өтемұратовтың өзіне 47,6 млрд, ұлына 4,4 млрд теңге бұйырған.

Естеріңізге сала кетейік, Forbes тізімінде Болат Өтемұратов 3,7 млрд доллармен жергілікті байлар арасында жетінші орында тұр. Ол бір жылдың ішінде дәулетін тура 1 млрд долларға ұлғайтқан.

Сондай-ақ оқыңыз