Мамырдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мамырдағы мерекелерде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады.
1,7,9 мамырда мерекеге байланысты Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
3 және 10 мамыр, яғни сенбі күндері кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып есептеледі. Бұл күні азаматтарға 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі.
«Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, мамыр айында демалыс күні ретінде танылған үш бірдей мейрам бар. Оның үстіне биылғы мамырда сенбі бес рет келеді. Бұл бес күн істейтін қазақстандықтардың демалысын көбейтеді. Сәйкесінше, бес күн істейтіндер жалпы жиыны 12 күн, 6 күн істейтіндер 7 күн демалады. Былтырғы мамырда бес күн істейтіндер 11 күн демалған.