Жаңалықтар

Мамырдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Қазақстандықтар 1,7,9 мамыр күндері демалады / Фото: kursiv.media архиві

Азаматтарға арналған үкімет» мамырдағы мерекелерде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады.

1,7,9 мамырда мерекеге  байланысты Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

3 және 10 мамыр, яғни сенбі күндері кезекші  ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып есептеледі.  Бұл күні азаматтарға 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі.

«Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, мамыр айында демалыс күні ретінде танылған үш бірдей мейрам бар. Оның үстіне биылғы мамырда сенбі бес рет келеді. Бұл бес күн істейтін қазақстандықтардың демалысын көбейтеді. Сондай-ақ биыл сенбі 5 рет болады. Сәйкесінше, бес күн істейтіндер жалпы жиыны 12 күн, 6 күн істейтіндер 7 күн демалады. Былтырғы мамырда бес күн істейтіндер 11 күн демалған.