Туға қатысты дау: жас қыздардың әрекеті үшін аналарын жазалады

Атырау облысындағы сот заңға қайшы әрекет жасаған төрт қыздың екеуінің анасына әкімшілік айыппұл салды. Бас прокурор Берік Асыловтың депутаттар сауалына жауабында осындай мәлімет бар.
Прокуратура дерегінше, Атырау облысындағы оқиға бойынша заңға қайшы əрекет жасаған төрт қыз «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін əкімшілік жауапқа тартылды. Сот екеуінің анасына айыппұл салды.
«Анықтама үшін: Ф.Қ. Айтқали (78 640 теңге айыппұл), Ғ.Қ. Халмұрат (заңды өкілі
анасына 39 320 теңге айыппұл), Н.А. Асылбек (заңды өкілі анасына 39 320 теңге айыппұл), М.К. Нұркешева (15 тəулікке əкімшілік қамақ)», – деп жазылған бас прокурор жауабында.
Асылов хаты парламент депутаттары Ермұрат Бапи мен Қазыбек Исаға жолданған.
Бұған қоса, Атырау қаласының полициясы «мемлекеттік рәміздерді қорлау» бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалды деп жазды бас прокурор.
Естеріңізге сала кетейік, был 23 наурызда төрт қыз Атырау қаласындағы мұз айдыны ғимаратында араб тіліндегі жазуы бар Қазақстан туымен суретке түсіп, оны әлеуметтік желіде таратты.
Осы оқиғадан кейінарабша жазуы бар көк ту сатылған маркетплейстер де назарға ілікті. Күмәнді тауар сатқан OZON мен Wildberries оларды саудадан алып тастап, ақталуға мәжбүр болды.