Елдегі жылдық инфляция 10,7%-ға дейін жетті
Жарияланды

2025 жылғы сәуірде жылдық инфляция деңгейі – 10,7% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Деректерге қарасақ, коммуналдық қызмет, азық-түлік, денсаулық сақтау – жалпы барлық сала қымбаттаған.
Тұрмыстық-коммуналдық қызметтер бойынша (сәуір 2024-пен салыстырғанда)
- Суық су – +89,1%
- Кәріз – +23,5%
- Орталық жылу – +18,7%
- Қоқыс шығару – +16,2%
- Ыстық су – +14,4%
- Газ (тарату желілері арқылы) – +13,3%
- Электр энергиясы – +11,7%
- Тұрғын үйді күтіп-ұстау – +10,3%
Қызметтер бойынша:
- Кешенді демалыс қызметтері – +70,1%
- Байланыс қызметтері – +15,8%
- Шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары – +15%
- Санаторий қызметтері – +14,6%
- Денсаулық сақтау қызметтері – +14,3%
- Жеке автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету – +13,3%
- Қоғамдық тамақтану – +12,7%
- Теміржол жолаушылар тасымалы – +24,7%
- Қалалық автобуспен жол жүру – +11,1%
- Әуе тасымалы – +9,6%
- Тұрғын үйді жалға алу – +15,3%
Тауарлар бойынша:
- Алтын бұйымдар мен сағаттар – +27,7%
- Жаңа жеңіл көліктер – +27,1%
- Аудио-видео техника – +23,6%
- Кілем және еден жабындары – +14,1%
- Киім мен аяқкиім – +11%
- Ірі тұрмыстық техника – +10,9%
- Жиһаз және үй заттары – +10,3%
- Сұйытылған газ (баллондағы) – +23,6%
- Отын (ағаш) – +14,6%
Азық-түлік бойынша:
- Картоп – +79%
- Пияз – +63,8%
- Қырыққабат – +46,8%
- Күнбағыс майы – +20,8%
- Минералды және ауызсу – +16,8%
- Банан – +16,7%
- Қызанақ – +14,1%
- Кондитер өнімдері – +13,5%
- Сиыр еті – +13,2%
- Алкоголь және темекі – +12,7%
- Алкогольсіз сусындар – +12%
- Сары май, қамыр өнімдері – +11,4%
- Қой еті, балық және теңіз өнімдері – +11,1%
- Жеміс-көкөніс шырындары – +10,6%
- Қияр – +10%
Бағасы төмендеген өнімдер:
- Қарақұмық жармасы – –15,1%
- Күріш – –6,9%
- Жұмыртқа – –5,6%
2025 жылғы сәуірде орташа республикалық көрсеткіштен жоғары инфляция 5 өңірде тіркелді. Ең жоғары инфляция Астана қаласы – 13,8%, Қарағанды облысы – 12,8% және Ақмола облысы – 11,8%.
Наурыз айыныі қорытындысы бойынша, елдегі инфляция 10%-ға жеткен еді. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 12%-ға баруы мүмкін деген.