
Ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев әлеуметтік желіде әкесін «сорлы еркек» деп атаған блогер Әлішер Теменді сотқа берді. Қылмыстық іс Алматының Наурызбай аудандық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды KursivMedia.
Істі судья Бейнегүл Қайсина қарап жатыр. Басты сот талқылауы 2025 жылдың 2 мамырында басталды.
Блогерге қатысты іс қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі (көпшiлiк алдында немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалану арқылы қорлау) бойынша қаралып жатыр.
Айта кетейік, блогер бұған дейін әлеуметтік желіде видео жариялап, Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген.