Жаңалықтар

Астанада 9 мамырда мерекелік отшашу болады

Астанада отшашу болады/коллаж kursiv.media

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда мерекелік отшашу өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Әкімдік отшашудың демеуші қаражатына ұйымдастырылатынын атап өткен.

Отшашу 9 мамыр сағат 22:00-де қаладағы екі жерде ұйымдастырылады. Олар: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық рет отшашу атылады.

Сондай-ақ Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған.

Мамырда қазақстандықтардың неше күн демалатынын мына жерден көре аласыз.