Прокурорлар құс фабрикасын салып жатқан инвестордың құқығын қорғады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Прокурорлар құс фабрикасын салып жатқан инвестордың құқығын қорғады / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ақмола облысының Зеренді ауданында құс фабрикасын кеңейтіп жатқан кәсіпкердің үстінен ТЖМ қызметкері заңсыз әкімшілік іс қозғаған. Бірақ прокуратура бұл жағдайға араласып, кәсіпкердің құқығын қорғады.

Blic Terminal компаниясы 6 млрд теңге инвестиция салып, құс фабрикасын үлкейтіп жатыр. Бұл жобада 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Алайда аудандық төтенше жағдайлар департаменті прокуратураға ескерпестен, әкімшілік іс қозғапты. Заң бойынша, мұндай жағдайда алдымен прокуратурамен келісу керек болатын. Оның үстіне, компания ешқандай заң бұзбаған.

Прокуратура осы істі қарап, заңсыз екенін анықтап, әкімшілік істі тоқтатты. Қызмет бабында қателік жіберген мамандар жауапкершілікке тартылды.

Компания Көкшетау мен басқа да қалаларда «КөкшеҚус» деген атаумен құс өнімдерін сатады. Оның иесі – Барлыбай Жауаров.

Прокуратура инвесторлар мен кәсіпкерлерге көмектесетін арнайы Call-орталық жұмыс істеп тұрғанын еске салады. Байланыс нөмірлері ресми сайттарда бар.

Сондай-ақ оқыңыз