«Қайрат» пен «Картахена» ойынын қайдан көруге болады?

Жарияланды 2 Мамыр 2025 11:25

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Қайрат» пен «Картахена» ойынын қайдан көруге болады? / фото: uefa.com

2 мамыр күні Францияның Ле-Ман қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі аясында жартылай финалдық матч өтеді. Алматылық «Қайрат» Испанияның «Картахена» клубымен кездеседі.

Жанкүйерлер бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Матчтың басталу уақыты – 20:50.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының осы маусымындағы негізгі және элиталық кезеңдерінде керемет нәтиже көрсетті:

Негізгі раундта келесі командаларды жеңген еді:

  • «Халадаш» (Венгрия) – 6:4
  • «Семей» (Қазақстан) – 5:1
  • «Спортинг» (Португалия) – 3:2
  • Элиталық раундта:
  • «Олмиссум» (Хорватия) – 1:0
  • «Динамо» (Хорватия) – 5:1
  • «Этуаль» (Франция) – 4:2

Қарсылас туралы не білеміз?

«Картахена» клубы да осал емес. Испаниялықтар элиталық кезеңде ірі есеппен жеңістерге жетті:

  • «Катания» (Италия) – 8:1
  • «Рига» (Латвия) – 4:1
  • «Юнайтед Галац» (Румыния) – 6:1

Айта кетейік, екінші жартылай финал түнгі сағат 00:00-де өтеді. Онда «Пальма» мен «Спортинг» командалары кездеседі. Екеуі де Еуропаның үздік клубтары қатарында.

Сондай-ақ оқыңыз