Трамп 8 мамырды Жеңіс күні деп жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Трамп 8 мамырды Жеңіс күні деп жариялады / фото: архив kursiv.media

АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Трамптың айтуынша, Америка Құрама Штаттары соғыс кезінде басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда үлкен үлес қосқан.

«Біздің көптеген одақтастарымыз бен достарымыз 8 мамырды Жеңіс күні ретінде атап өтеді. Алайда дәл біз — Америка Құрама Штаттары — Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске кез келген елден әлдеқайда көп үлес қостық. Тіпті салыстыруға келмейді. Сондықтан 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялаймын. Ал 11 қараша — Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні болады», – деді Трамп.

Трамп АҚШ-тың Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарда жеңіске жеткенін атап өтті.

«Біз екі соғыста да жеңдік. Біздің күшімізге, ерлігімізге және әскери шеберлігімізге ешкім тең келе алмады. Бірақ қазір біз ештеңе тойламаймыз. Өйткені бізде енді ондай көшбасшылар жоқ. Уақыты келді — жеңістерімізді қайта тойлайтын кез жетті!» – деп қосты Трамп.

АҚШ-та ресми түрде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні ретінде 2 қыркүйек аталып өтеді — бұл Жапонияның капитуляциясына байланысты. Ал Еуропада Жеңіс күні 8 мамырда атап өтіледі — бұл нацистік Германияның тізе бүккен күні. Кеңестік және посткеңестік елдерде Жеңіс күні 9 мамырда тойланады.

Сондай-ақ оқыңыз