Алматы әкімдігі Олимпиада жүлдегерлеріне жаңа пәтер кілтін тапсырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Олимпиада чемпиондарына пәтер
Алматы әкімдігі Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін тапсырды / Фото: Алматы әкімдігі

Олимпиада жүлдегерлерінеАлматыдан жаңа пәтер берілді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған спортшыларға пәтер кілттерін табыс етті, – делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше бес спортшыға пәтер берілген.

Спорттық гимнастикадан Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілген. Ал бокстан қола жүлде алып келген спортшы Назым Қызайбай мен атқыш Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтерден берілген.

Ал қол медаль иешерлері дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев және пневматикалық мылтықтан ату бойынша спорт шебері Александра Леге баспана кілттері кейін тапсырылады. Екі спортшының да жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарда жүргені айтылады.

«Сіздің жеңістеріңіз-көп жылғы қажырлы еңбектің нәтижесі және спортшылардың жаңа буыны үшін лайықты үлгі. Алматы Сіздердің жетістіктеріңізді жоғары бағалайды және Сіздерді жаңа жетістіктерге жету жолында үнемі қолдайтын болады», – деді кілттерді табыстаған Бейбіт Шаханов.

Айта кетейік ел намысын қорғаған спортшылармен Алматы әкімдігі 2024 жылдың 20 тамызында кездесіп, олар ақшалай сертификаттар, автокөлік кілттерін табыстаған. Ол кезде чемпиондарға тұрғын үй алуға сертификаттар берілген болатын.

Баспсөз қызметінің мәлемітнше, спортшыларға пәтер беру бірқатар уақытты талап етеді. Бірінші сертификат беріледі. Мұндай сертификаттар титулды спортшыларды пәтерлермен қамтамасыз етуді көздейді. Сертификаттар табысталғаннан кейін ғана тұрғын үй сатып алу рәсімі басталады. Ал бұл процесс үшін бюджетті қалыптастырылып, конкурс жариялануы керек. Содан кейін шарт жасап, барлық қажетті мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіледі. Аталмыш процедуралардың барлығы да заңнамамен қатаң реттелетіндіктен, белгілі бір уақытты қажет етеді.

«2025 жылдың 9 қаңтарында барлық заңды және сатып алу процедуралары аяқталды. Спортшылардың жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін пәтерлерде әрлеу жұмыстары жүргізілді. Спорт басқармасының қызметкерлері осы уақыт ішінде әр жүлдегермен байланыста болды және кілттерді тапсыру күні әрқайсысымен келісілді», – деп хабарлайды әкімдік.

Сондай-ақ оқыңыз