Алматыда шахматтан юниорлар чемпионаты өтіп жатыр

Алматыда шахматтан Қазақстанның юниорлар чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа 20 жасқа дейінгі 115 шахматшы тіркелген. Оның 80-і ұл балалар болса, 35-і қыздар. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының (Kazchess) баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл сайыстан сүрінбей өткендер Азия чемпионатында ел намысын қорғай алады және Қазақстанның ересектер арасындағы чемпионаты финалына қатысу құқығына ие болмақ.
Сайыс қалай өтеді?
Бұл сайыс швейцариялық жүйе бойынша өтіп, тоғыз турға созылады. Турнир шарттары келесідей:
- уақыт бақылау нұсқасы – бір партияға 60 минут және әр жасалған жүріс үшін 30 секунд қосылып отырады;
- турнирдің жалпы жүлде қоры 1,2 млн теңге;
- бозбалалар мен қыздар арасында жеңімпаз атанған шахматшылар — 270 мың теңге; екінші орын иеленген жүлдегерлер — 210 мың тенге;
- үшін орынға ие болған ойыншылар 120 мың теңге сыйақы алады.
Бұл турнирді сарапшылар жас шахматшыларға жол ашып, өз мүмкіндіктерін сынауға мүмкіндік беретңн алаң ретінде бағалады. Сайыс туралы пікір Чемпионаттың бас төрешісі Сергей Ким Қазақстан шахмат федерациясының осында шараларды қаржыландырып шахматшылардың халықаралық додаларда бақ сынауына мүмкіндік берііліп жатқаны атап өтті.
«Тимур Русланович Турлов жетекшілік ететін Қазақстан Шахмат федерациясының күш-жігер салуымен ойынды үйрету, сондай-ақ әр түрлі санатты турнир өткізу үшін барынша жағдай жасалған. Жақсы жүлделе тігіліп, түрлі гранттар ойнатылып жатыр. Турнир жеңімпаздарына бонустар беріледі. Ал жеңіске жеткен жағдайда ерлер мен әйелдер арасындағы ересектер чемпионатына қатысу мүмкіндігі қарасытырлған. Осы Чемпионат аяқталғаннан кейін біздің спортшылар Азияның жастар турниріне және алуан түрлі халықаралық форумдарға қатыса алады. Осы орайда атап өтетіні, жеңімпаздарға бұл мүмкіндіктің бәрін Қазақстан шахмат федерациясы беріп, қаржыландырып жатыр. Сондықтан жігерлі жастарымыз сайысқа түседі. Олар жақсы ойын көрсетуге ынталы», – деді Ким.
Турнирге кімдер қатысады?
Жарыста бақ сынап жатқандар арасында спорт шеберіне үміткер Павлодар шахматшысы Владислав Малыгин бар. Бес жасынан бері түрлі додаларға қатысып келе жатқан шахматшы 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғап, блицтен екінші орынды иеленген.
«Маған шахматтағы бәсекелестік, ерекше жоспар құру және бірнеше жүрісті алдын ала ойланып, есептеу мүмкіндігі ұнайды. Мен өзімнің күшіме сенемін және ойынды табыспен өткізуге дайынмын», – дейді Малыгин.
Сондай-ақ турнир фавориттерінің қатарында өткен жылдың күміс жүлдегері, Алматы облысының шахматшысы, ФИДЕ шебері Иманғали Ақылбай, өткен чемпионаттың қола жүлдегері, астаналық халықаралық шебер Сәтбек Ахмединов, сондай-ақ ФИДЕ шеберлері Ораш Шоназаров (Алматы), Нұрдәулет Таңатов (Астана), Ернұр Амангелді (Астана) бар.
Қыздар арасындағы турнирде чемпион атағынан үміткер әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері Кристина Попандопуло (Қарағанды облысы), әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері Мария Холявко (Алматы), Жанбота Қамарова (Ақмола облысы), Әсия Асылхан (Түркістан облысы) және Ханзада Аманжол (Ақтөбе облысы) бақ сынамақшы.
Жарыс 1 мамыр күн басталды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша мұның да өз себебі бар.
«Шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырып басталғаны, осылайша әр қатысушының маңыздылығын және ұлты мен жасына қарамастан ел азаматтарының бірлігін ерекше атап көрсететіні назар аударарлық жақсы нышан», – делінген баспасөз хабарламасында.
Чемпионат 5 мамыр күні салтанатты жабылу рәсімімен аяқталады. Онда жаңа чемпиондардың және халықаралық шахмат деңгейінде Қазақстанға өкілдік ету құқығына ие болған үздік спортшыларымыздың есімдері жарияланады.
Ал бұл доданың бас серіктесі – Freedom Holding.