Дана Нұржігіт Ардақ Назаровқа уәж ретінде тағдырын айтып, елдің жүрегін ауыртты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дана Нұржігіт Ардақ Назаровқа жұптардың өлімге жеткізбей тұрып, ажырасқаны жақсы екенін айтты/ коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Дана Нұржігіт Ардақ Назаровқа жұптардың өлімге жеткізбей тұрып, ажырасқаны жақсы екенін айтты/ коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Дана Нұржігіт Ардақ Назаровқа уәж ретінде тағдырын алға тартты. Бұрынғы Сенат депутаты ажырасқандарға салық салуға қарсы шықты.

Қазіргі Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың ұсынысын қолдамайтынын айтты. Дана Нұржігіт Ардаққа Назаров ұсынысына қатысты жеке көзқарасын жеткізді.

«Ажырасқаныма еш өкінбеймін»

«Ардақ Назаровтың депутаттық сауалын тыңдадым.Несіне таңғаламыз?! Дана Нұржігіт үшін Ардақтың ұсынысы қабылданбайды.

Жалпы, қоғамда ажырасқандар туралы пікір осындай. «Кең дүниеге сыя алмаған жамандар, соңғы трендерге ергендер…» Жалғызбасты әйелдің етегін иә ел ашады, иә жел ашады. Соны біле тұра өтірік «статусқа», екі жүзді өмірге бара алмайтын өзім тәуекел еттім кезінде! Еш өкінбеймін», – деп жазды Дана Нұржігіт.

«Екіжүзділік нормаға айналған жерде не жақсылық болады?! «

Оның жазбасынан Ардақ Назаровқа әйел тағдырымен ойнамауға шақырғанын көруге болады.

«Иә, оңай емес! Ұл баланы жалғыз көтеру, әке де, шеше де болу. Бірақ екеуара «мұз» болған жерде балаға қандай махаббат бере аласыз?! Өтірік, екіжүзділік нормаға айналған жерде не жақсылық болады?! Ал физикалық қысым, күнде жанжал бар жерде ше?!» – деп сауал тастады бұрынғы сенатор.

«Өлімге дейін жеткізбей ажырасқан дұрыс дер едім»

Дана Нұржігіт тек қана Ардақ Назаров келтірген статистиканың адам шошытарлық екенін мойындайды. Бірақ оның себебін зерттеу қажет.

«Бірде-бір адам ажырасамын деп қосылмайды! Әр түрлі жағдай, себеп бар. Тіпті, бас жарылып, көз шықпай тұрғанда, өлімге дейін жеткізбей ажырасқан дұрыс дер едім. Саналы ата-ана баланы осы жағдайда да дұрыс өсірудің жолын табады. Оған тек тәрбие, мәдениет, түйсік жетсе, әрине!», – деп уәж айтты экс-сенатор.

«Ақылға сыймайтын мәжбүрлеу»

Айта кететін жайт, депутат Ардақ Назаров елімізде 400 мың жалғызбасты ана, 60 мың жалғызбасты әке бар деген мәліметті келтірген. Ажырасуға қарсы шара ретінде салық салуды ұсынған-ды.

«Бұл – отбасы институтын түбегейлі әлеуметтік зерттеуден, сараптаудан өткізу керек деген сөз. Соған қарай «Неке және отбасы» кодексін қайта қарау керек деген қызыл белгі бұл! Ал, ажырасқандарға салық салу керек дегені тіпті абсурд! Адамды еркінен тыс қасыңда ұстау, салыққа ұшыраймыз деп ажыраспау ма, бұл?! Ақылға сыймайтын мәжбүрлеу – мынау! Адам құқығы қайда қалды сонда, депутат мырза?» – деді Дана Нұржігіт.

Бұл жазба көп әйелдің жүрегін елжіретті.

Назаровтың ұсыныстары

Ардақ Назаров отбасылық институтты нығайтуға бағытталған бірнеше ұсыныс жасады. Олар – ажырасуға салық салу. Бұл төлемнің мөлшері едәуір жоғары болуы керек. Мақсат — азаматтарды ажырасу туралы шешімді жеңіл қабылдаудан тоқтату, мәселені тереңірек ойлауға мәжбүр ету.

Қоғамдастық кеңестері, ардагерлер алқасы, имамдар мен әйелдер кеңесінің көмегімен жанұяларды сақтап қалуға тырысу керек. Бұл — ұлттық менталитет пен дәстүрге сүйене отырып, жанжалдың алдын алу тәсілі.

Жас шаңырақ көтерген жұптарға нақты қолдау көрсету мақсатында «Жас отбасы» атты ұлттық бағдарлама әзірлеу. Бағдарлама аясында баспана, жұмыс, психологиялық көмек секілді мәселелер шешімін табуы тиіс. Сонымен қатар, үйлену тойын тәрбиелік құралға айналдыру керек.

Сондай-ақ оқыңыз