Өзбекстан 1,7 млрд доллар активін әлем нарығына шығарады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Franklin Templetion Өзбекстан экономикасын басқаруды жақсартады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Өзбекстан жыл аяғына дейін құны 1,7 млрд доллар тұратын мемлекет активтерін халықаралық нарыққа шығарады. Бұл іспен Franklin Templeton инвестициялық тобы айналысады.

Өзбекстан ұлттық активтерін сатады

Financial Times мәліметінше, 1 мамырда Өзбекстан ұлттық инвестициялық қорын (UzNIF) басқару міндетін алған фирма дамушы елдердегі қаржы нарығын дамыту ісінде үздік нәтижеге жетуге ұмтылады.

«Біз уақыт жоғалтқымыз келмейді. 2026 жылдың алғашқы тоқсанына күш салғымыз келеді», – дейді Franklin Templeton өкілі Мариус Дэн.

Оның айтуынша, Өзбекстан мемлекеттік банктері мен басқа да компанияларынан тұратын 18 миноритарлық акциялар пакеті шетелдегі қаржы нарығына жол тартады. Олардың арасында Uzbekistan Airways компаниясы да бар.

Әзірге өзбек ұлттық акциялары нақты қай биржаға шығатыны белгісіз, бірақ америкалық фирма Лондонға көз тігіп отыр.

«UzNIF листингі үшін Лондрон басты үміткер болады деп ойлаймын», – дейді Дэн.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев өткен айда мемлекет қордың кем дегенде 25%-ын листингте сататынын мәлімдеген. Үкімет алдағы үш жылда мемлекеттің маңызды активтерін IPO-ға шығаруды көздеп отыр.

Өзбек президенті кейінгі жылдары энергетика, банк және басқа да салаларға реформа жүргізіп келеді, бірақ экономиканың басым бөлігі әлі де мемлекетке тиесілі деп жазды FT.

Ташкент әлі ұзақ жолды еңсеруі тиіс

Дэннің пікірінше, UzNIF листингі инвесторлар назарын Ташкент қор нарығына аударуға көмектеседі. Алайда сарапшылар Ташкентке әлі көп жұмыс істеуге тура келетінін айтып отыр.

«Жобаларды Franklin Templeton басқараты қуантарлық жағдай. Себебі ол Өзбекстанда басқару мен ашықтықты жақсарта алады. Дегенмен 1,7 млрд доллар көп емес. Өзбекстанға әлі ұзақ жолды жүріп өтуге тура келеді», – деп есептейді Prism Strategic Intelligence консалтинг фирмасының өкілі Бенджамин Годвин.

Өзбекстанның валюта қорының төрттен үш бөлігі алтынмен сақталған. Кейінгі уақытта алтын бағасы жақсы көтерілгені мәлім. Алтын – Өзбекстанның шетелге сататын басты тауары. Сол себепті үкіметтің доллар облигациялары көптеген дамушы нарықтардың құнды қағаздарын басып озды.

Өзбекстан постсоветтік елдер арасында экономикасын нарыққа бейімдеуге басқаларынан кешірек көшті. Негізгі реформалар 2016 жылы Ислам Кәрімов қайтыс болып, билікке Шавкат Мирзияев келгеннен кейін басталды.

Franklin Templeton 2011-2024 жылдар аралығынла Румынияны әлемнің қаржы нарығында көп жетістікке жеткізген инвестициялық топ. Осы уақытта румын акцияларының доллардағы табысы 600%-дан асып түсіп, әлемнің ірі наржы нарықтарын басып озған.

Румыния акциялары 2015 жылы Лондон қор биржасына шыққан. Fondul листингі әуелі коммунизм құрбандарының есесін қайтару қоры ретінде құрылған. Қор акционерлердің 7 млрд доллар капиталын қайтарып бере алды. Олардың арасында Румыниядағы ірі энергия өндірушінің 4,3 млрд доллары да бар.

Сондай-ақ оқыңыз