2,5 млрд теңге жұмсалған әскери шеру тікелей эфирден көрсетіледі

7 мамыр күні Астанадағы Тәуелсіздік алаңында, «Қазақ елі» монументі жанында Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтеді. Ол бірқатар арнадан көрсетіледі.
Шеруге 4 мыңнан астам әскери қызметкер, 200-ден аса әскери техника және 66 ұшақ пен тікұшақ қатысады. Шараны республикалық телеарналар, еліміздің қалаларындағы LED-экрандар мен Қорғаныс министрлігінің YouTube-арнасынан көруге болады.
Бұл шара — Қазақстан Қарулы күштерінің қуатын көрсететін маңызды оқиға болмақ.
Әскери парадқа байланысты Астана көшелері уақытша жабылып, автобустардың жүру маршруты өзгерді.
Жеңіс күніне арналған әскери шеруге бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мұндай ірі шаралар туралы әңгіме болғанда, оған қанша қаржы жұмсалатынынан гөрі, оның маңыздылығына мән берген жөн деп мәлімдеген.
Сенатор Лукин әскери шеруге жұмсалатын 2,5 млрд теңге өзін ақтайтынына сенімді.