Нөсер жауыннан кейін Алма-Арасан шатқалындағы жардан тас құлады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: Алматы қалалық мәслихаты

Нөсер жауыннан кейін Алматының Алма-Арасан шатқалындағы жардан тас құлады. Бұл туралы видео Іnstagram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Видеода ірілі-ұсақты тастардың жардан құлағаны байқалады. Таудан сырғыған тастар жар түбіне салынған құрылыстың үстіне құлаған. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы тұрғындары шатқалға демалуға барғанда, табиғат тосын мінез танытып, нөсер жауыннан кейін, топырағы босаған тастар төменге құлаған.

«Таудан тас құлады да, киім шешетін жерді быт-шыт қылды. Бізді Құдай сақтап қалды», – дейді видеодағы жігіт.

2 мамырда ауа-райы күрт құбылып, Алматыды нөсер жауын құйған. Таулы аймақтарда бұршақ жауды.

Сондай-ақ оқыңыз